Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украина билігі Boeing ұшағындағы барлық адамның қаза болғанын растады

Украина билігі Boeing ұшағындағы барлық адамның қаза болғанын растады

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

17 0 0

Бұған дейін Украина билігі мен "Украинаның халықаралық әуе жолдары" басшылығы Иранда ұшақтың құлағанын растамаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Украинаның сыртқы істер министрлігі Тегеран әуежайы маңында Boeing 737 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын растады.

Бортында 167 жолаушы болған ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалды

Бұл туралы ведомствоның консулдық қызмет департаменті әуе компаниясының алдын-ала мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Ұшақ жолаушылары мен экипажы Тегеран әуежайына жақын маңдағы апаттан көз жұмды", - делінген хабарламада.

Тегеранда украиналық лайнер құлады

8 қаңтарда таңертең Тегеран әуежайының маңында кемінде 170 жолаушы мінген украин лайнері құлады.

БАҚ-тың мәліметінше, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бәрі көз жұмған.

Апатқа Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының "техникалық проблемалары" себеп болған.

Тағы бір болжам бойынша, ұшақты байқаусызда Иран зымыраны атып түсіруі мүмкін.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан