Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет шектеу қойса да бензин қымбаттап жатыр

Үкімет шектеу қойса да бензин қымбаттап жатыр

Елдің бірнеше өңірінде АИ-92 маркалы бензиннің құны белгіленген межеден көтеріліп барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Информбюро31 мәліметінше, бағасы 239 теңгеден аспауы тиіс отын Алматыда 241 теңгеге дейін қымбаттаған. Мұндай жағдай Астана мен Шымкентте де тіркелген. Мораторий күшінде тұрғанына қарамастан, елордада АИ-92 литрі 235–237 теңге аралығында сатылса, Шымкентте баға 219 теңгеден 225 теңгеге көтерілген.

Соған қарамастан, Энергетика министрлігі жанармай бағасында ресми өзгеріс жоқ екенін алға тартып отыр. Ведомствоның түсіндіруінше, әзірге жоспарланғандай тек АИ-95 пен АИ-98 маркалы бензиннің құны реттелген. Ал келесі кезең – келер жылдың сәуірінде жүзеге асады. Сол кезде мораторий аяқталған соң АИ-92, дизель отыны және сұйытылған газ бағасының өсуі күтіледі.

- 16-қараша кезіндегі берілген мараторийдан бүгінге дейін бағаның көтерілуін біз байқап жатқан жоқпыз. Оның қасында үлкен ірі жанармай құю станцияларынан ақпарат алып, олардың бәрін сәйкестендіріп, 15 қараша кезіндегі бағаларымыз қазіргі бағаға сәйкес тұр, дейді ҚР энергетика министрлігі мұнай және өңдеу департаментінің сарапшысы Бекзат Қожанжаров. 

БАҒА

Еске салайық, бұған дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының құнын көтеруге қатысты шектеу келер жылдың көктеміне дейін күшінде болатыны хабарланған болатын. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.