Қаржы

Үкімет шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті

Жарқын Омаров Жарқын Омаров
Үкімет шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктеріне дер кезінде жасалған жауап екені атап өтілді.

«Аталған бағдарламаға сәйкес біз жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеміз. Біздің мақсатымыз – тек несие беру емес, тұрақты өндірістер құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету», - деп атап өтті Премьер-министр.

Қаржы министрлігіне «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет.

Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды (бюджеттің 70%-ы) бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

Олжас Бектенов мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған «Іскер аймақ» шағын және микро бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін атап өтті.

«Қаржы министрлігі әсіресе, мемлекеттік кірістер органдары жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертуі керек екенін тағы да атап өткім келеді. Бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын ала ескертуге баса назар аудару керек. Фискалдық органдар салық төлеушілер үшін серіктеске айналуы қажет. Біз бәріміз бірге бизнес үшін салық төлеуден жалтарғаннан гөрі, таза жұмыс істеп, оны төлеу тиімді болатындай жағдай жасаймыз.Бұл бағытта кешенді әрі үйлесімді жұмыс жүргізуі тиіс. Біз әрі қарай да цифрлық платформаларды дамытып, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетеміз, инклюзивтілікті қолдап, орнықты өсу үшін шағын бизнесті қажетті құралдармен қамтамасыз етеміз»,- деп атап өтті Премьер-министр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz