"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үкімет биыл Қарағанды қаласына пара-пар тұрғын үйлер салмақшы

Үкімет биыл Қарағанды қаласына пара-пар тұрғын үйлер салмақшы

Биыл республика бойынша 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллион шаршы метрге артық

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Үкімет тұрғын үй құрылысына қатысты жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, биыл республика бойынша 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллион шаршы метрге артық.

"Негізі, биылғы жоспар Қарағанды сияқты бір қалада салынған үйлерден де көп болып тұр. Білуімше, Қарағандыда 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй бар. Бұл дегеніміз, мемлекет 2020 жылы тұтас бір қаладан да асатын үйлер салып шығады", - деді Абаев бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді.

"Біз осы жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, осы көрсеткішті 15 мыңға арттыратын боламыз", - деп атап көрсетті Абаев.

Тағы оқыңыз: Биыл Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгереді


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан