KZNews.kz
Шоу-бизнес

Үкімет басшысының міндетін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді

Санжар

Саясат

Қысқа сілтеме алу

97600

Бұған дейін премьер-министр қызметін Бақытжан Сағынтаев атқарған еді

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен премьер-министр міндеттерін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жарлығымен үкімет отставкаға кетті.

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін", - делінген жарлықта.

Ал Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Айта кетсек, бұған дейін премьер-министр қызметін Бақытжан Сағынтаев атқарды. Асқар Мамин үкімет басшысының бірінші орынбасары болған.

Асқар Мамин туралы не білеміз?


sputniknews.kz
Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →