Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды - Қазақстан жаңалықтары

"Үйінде өз бетінше емделген": Түркістан облысында көз жұмған науқас жайлы жаңа мәліметтер айтылды - Қазақстан жаңалықтары

Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған науқас жайлы деректер жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке орай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген", - делінген ресми хабарламада.

Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды.

Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күнге коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам расталды.

Қазақстанда короавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетіп отыр. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан