Депутат: Мұғалімді қағазбастылықтан арылтып, цифрлық платформаларды көмекшісіне айналдыру керек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"200 миллион теңге деп ойлағанмын": Атыраулық журналист атышулы сот ісіне қатысты пікір білдірді

"200 миллион теңге деп ойлағанмын": Атыраулық журналист атышулы сот ісіне қатысты пікір білдірді
Alash.kz

Атырауда "Хакер Атырау" лақап атымен танылған 32 жастағы азаматқа қатысты сот процесі өтіп жатыр. Оған алаяқтық бойынша айып тағылған. Атыраулық журналист Жанат Молдашева сот ісіне қатысты күтпеген мәліметті жариялады.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында сот залынан түсірілген фото және бейнематериалдармен бөліскен.

Оның айтуынша, шетелден Қазақстанға жеткізілген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сот талқылауы жүріп жатыр.

Жанат Молдашева аталған іске байланысты көрсетілген қаржылық шығын көлеміне таңғалғанын жасырмады.

«Шетелден тауып алып, елге желкелеп жеткізгенге 200-300 млн жоғары борышы бар болар деп ойлағанмын. 13 млн теңге екен», – деп жазды журналист.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған.

Жазбаның астында пікір қалдырған оқырмандар істің мән-жайына қатысты түрлі болжамдар айтып, күдіктінің елге қайтарылуы мен сот процесін талқылаған.

Олардың бірі «Осы бала болмағанда бұл іс ашылмас еді...» деп пікір білдірсе, енді бір қолданушы оны шетелден жеткізуге жұмсалған қаражатқа қатысты сұрақ көтерген.

Алайда аталған пікірлер әлеуметтік желі қолданушыларының жеке көзқарасы ғана. Күдіктіні елге жеткізуге нақты қанша қаражат жұмсалғаны туралы ресми мәлімет келтірілмеген.

Сондай-ақ журналист атаған 13 миллион теңге көлеміндегі шығынның сотта қандай дәлелдермен негізделгені жөнінде толық ақпарат жарияланған жоқ.

Қазіргі уақытта Атырауда аталған азаматқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғаны туралы ақпарат жоқ. Күдіктінің кінәлі немесе кінәсіз екені соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер