KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Үйім суға кетіп жатыр": Құлсары қаласында өкіріп жылаған әйелдің видеосы тарап жатыр (видео)

KZNEWS
Видеода қаланы су алып жатқаны анық көрінеді.

Атырау облысы Құлсары қаласын "үйім суға кетіп жатыр" деген әйелдің өкіріп жылаған видеосы жарияланды, деп жазады Kznews.kz Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоны журналист Аян Қалмұрат өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Атырау облысы Құлсары қаласын су алып жатыр. Мына әйел «үйім суға кетіп жатыр» деп жылап тұр. Обал-ай…" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстанның 10 аймағын су тасқыны басып жатыр. Бүгін Астана маңындағы ауылды да су басқаны жайлы ақпарат тарады.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары