KZNews.kz
Жаңалықтар

"Үйінде болып, талай шайын ішкем": Жахан Отарғалиев Мөлдір Мұқановадан кешірім сұрады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Жахан Отарғалиев

Актер Жахан Отарғалиев соңғы күндері қоғам назарында жүрген продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, оған деген құрметін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның отбасына қатысты тараған жаңалықтарға байланысты пікір білдіріп, бұрынғы жеңгесіне алғысын айтты.

"Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнер жолына келуіме себеп болған адам – Тұрсынбек ағам. Бір кездері олардың үйінде тұрдым, жеңгемнің шайын ішіп, екеуімен де жақсы араластым. Екеуін де сыйлаймын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын", – деп жазды әзілкеш.

Жахан Отарғалиев сондай-ақ Мөлдір Мұқанованың өзіне қиын сәтте көрсеткен қамқорлығын ерекше атап өтті.

"Өткен жылы менің әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалғанда, бірінші болып қолдау көрсеткен адам – Мөлдір жеңгем еді. Айтқызбай-ақ жәрдем берді. Біз 2008 жылдан бері таныспыз. Қашан барсам да, күліп қарсы алатын. Күн-түн демей, бір шәйнек шайымен жылы қарсы алғанына талай куә болдым", – деді ол.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары