KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Ұялмай салатын болдым": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы отбасылық суреттерін жариялады

Torgyn Abushakhman

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман әлеуметтік желіде онымен бірге түскен фотосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz. ozgeris.info сайтына сілтеп.

Кадрда әзілкештің қасында тұрғаны анық көрінеді. Айман өзі де желідегі сұрақтардың көбейгенін айтып, кешке бірнеше сұраққа жауап беретінін мәлімдеді.

    "Ассалаумағалейкүм! Кешке сұрақ-жауап айдарын жалғастырамыз ба? Көп сұрақтар келіп жатыр. Бүгін тек 3 сұраққа жауап беремін. Іштерің толып қалыпты ғой", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айманның енді ештеңе жасырмай, ашық түрде жариялай бастағанына таңданыс білдірді.

Пікірлердің бірқатары: «Әйтеуір дегенде ұялмай салатын болдым десей», «Ақырын-ақырын көрініп келе жатыр бәрі», «Салып бастап кетті ма не?», «Қызы Тұрсынбектің үшінші қызынан аумайды екен» деген сөздермен толысты.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары