«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

UFC-дің басты жекпе-жегі жанжалмен аяқталды – видео

UFC-дің басты жекпе-жегі жанжалмен аяқталды – видео

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Кездесудің жиырмасыншы секундында мексикалықтың саусағы қарсыласының көзіне тиді. Бұдан соң дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Мехикода өткен UFC Fight Night 159 турнирінің басты жекпе-жегі – мексикалық Яир Родригес пен америкалық Джереми Стивенстің кездесуі жанжалмен аяқталды.

Кездесудің жиырмасыншы секундында мексикалықтың саусағы қарсыласының көзіне тиді. Бұдан соң спортшы қайта рингке шығуға тырысты. Алайда дәрігерлер жекпе-жекті тоқтату керек деген шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Мұндайды күтпеген жанкүйерлер америкалыққа бөтелке сынды қолдарындағы заттарды лақтыра бастады. Залдан шығу үшін Стивенске күзеттің көмегі қажет болды.

Кейін жүргізуші UFC Fight Night 159 турнирінің басты жекпе-жегі өткізілмеген болып саналатынын айтты. Ал Родригес жанкүйерлерден кешірім сұрады.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан