ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Уәлибек Әбдірайымов: «Біздің тазалықшылар вирустың қайда тұрғанын біледі»

Уәлибек Әбдірайымов: «Біздің тазалықшылар вирустың қайда тұрғанын біледі»

Уәлибек Әбдірайымовтың әзілі көпшілікті күлкіге қарық қылды. Әзілкеш бұл жолы коронавирус туралы әзілдеді. Желі қолданушылары мұны астарлы әзіл деп бағалады, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

Уәлибек Әбдірайымов көпшілікті әзілімен күлкіге қарық қылды.

«Бізде коронавирус алғаш басталған уақытта жаппай дезинфекция жасады. Біз ғана емес, бүкіл ел дезинфекция жасап, аурудың алдын алуға тырысты. Жапонияны, басқа да елдерде қарасаң, олардың дезинфекциясынан соң дала көрінбей, тұншыға жаздайсың. Дезинфекцияны аямайды. Ал біздің елде қалай. Әр жерде тазалаушы бір бала жүреді. Оның қолына ұстаған затын әрбір жерге тамызады. Анда бір, мында бір шашады. Неге дейсіздер ме? Біздің балалар вирустың қайда тұрғанын біледі. Сол үшін дәл вирус тұрған жерлерге ғана шашады. Себебі біздің балалардың көзі ерекше көреді. Олар көзге көрінбейтін вирустың өзін тауып қояды», – деп әзілдеді.

Көрермен күлкіге қарық болды. Желі қолданушылары мұның әзіл емес, шынайы оқиға екенін айтып жатыр.

Автор
Нұрсұлтан