KZNews.kz
Шоу-бизнес

ТЖ министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Нұрсұлтан

Төтенше жағдайлар министрлігі 21 сәуірде су тасқыны жағдайына байланысты мәлімдеме жасады.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

- ескерту сигналын алған кезде көршілерге ескертіңіз, мүгедектер мен балаларға көмек көрсетіңіз, нұсқауларды қатаң сақтаңыз;

- киімді, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді, құжаттарды су өткізбейтін пакеттерге алдын-ала дайындаңыз;

- барлық электр тұтынушыларын ажыратыңыз, газды өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз,

- терезелер мен есіктерді жабыңыз;

- тиісті рұқсатсыз эвакуациялық пункттерден шықпаңыз;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы ақпарат болса, ақпаратты 112 телефонына немесе сенім телефонына жіберіңіз.

фото: ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі

Нұрсұлтан
Автордың басқа материалдары