"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Тұсауымды Салтанат Байқошқарова кесті”: Жұлдызай Дүйсенбиева тұрмысқа қалай шыққанын айтты

“Тұсауымды Салтанат Байқошқарова кесті”: Жұлдызай Дүйсенбиева тұрмысқа қалай шыққанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікке беймәлім бір жайтты бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Актрисаның айтуынша, 12 жыл бұрын танымал репродуктолог-дәрігер Салтанат Байқошқарова оның тұрмысқа шығуына тілекші болып, алғаш рет тұсауын кескен.

«2013 жылдың сәуір-мамыр айларында Таразда өткен үлкен тойға қатыстым. Сол жерде Салтанат Байқошқарова апай: “Сен әлі тұрмысқа шықпадың ба?” деп сұрады. Мен “Жоқ” деп жауап бердім. Сонда ол кісі “Онда тұсауыңды кесу керек. Бұрын кесілген бе?” деді. Негізі менің тұсауым кесілуге тиісті болған емес. Біздің кезде ондай салтқа аса мән берілмейтін, тәй-тәй басып жүре беретінбіз. Қазіргілер қатты ұстанады ғой.

Сол тойда апайым ырымдап тұсауымды кесіп, ақ жол төседік. Кейін анасы екеуі екі жағымнан жетектеп, ‘Келер жылға дейін тұрмысқа шықпасаң, қайта кел’ деп әзілдеді.

Айтқандары айдай келді — 2014 жылы, тура бір жылдан кейін тұрмысқа шықтым.

Бұл ырымды көрген соң, жанымдағы құрбыма да жасап көрдік. Салтанат апайымның төсенген ақ жолы 12 метр болған, сондықтан бір жыл күттім деп ойлаймын. Ал құрбыма 3 метр ақ жол төседік, “үш айдан кейін тұрмысқа шығасың” деп те айттым. Шынында да, үш айдан соң күйеуге тиді. Демек, адам өзі сенуі керек екен», — дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.