Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Айман Талғатқызымен бірге тойда отырған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Кадрлардан Тұрсынбек Қабатовтың кеш қонақтарымен бірге Айман Талғатқызымен бір үстелде жайдары көңіл күйде отырғанын көруге болады. Видео көп ұзамай желі қолданушыларының назарын аударып, қызу талқылауға түсті.
Пікір білдірген желі қолданушылары түрлі көзқарас танытты.
"Бақытты болсын", " Екеуі емін-еркін тойға баратын болыпты ғой", "Дуалап алған ба түрі не болып кеткен", "Енді әйелімен неге тойға бармасқа", - деді желі қолданушылары.