Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа баспанасын көрсетіп, рум-тур форматындағы видеомен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары бүгінде шамамен 300 шаршы метрді құрайтын кең әрі жарық үйде тұрып жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, баспананың бастапқы жобасына өздері өзгеріс енгізген.
"Бұл үйдің жоспарын өз қалауымызға сай қайта жасақтадық. Бөлмелердің кең әрі жарық болуын қаладық. Сол үшін бірнеше қабырғаның орнын өзгерттік. Қонақ күтуге арналған залды барынша кең еттік", – деді Мөлдір.
Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір қалдырды. Бірі «Тұрсынбек бар жағдайын жасап кетіпті», «Осындай үйге жеткізген – Тұрсынбектің еңбегі» десе, енді бірі «Мөлдір өз еңбегімен жетті», «Өзіне лайық баспана» деп қолдау білдірген.