Бүгін Атырауда төрт адамның өліміне қатысты атышулы істің алдын ала сот тыңдауы басталды. Сот отырысынжа мемлекеттік айыптаушы тергеудің нұсқасына сай, басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің айыптарын оқыды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жергілікті «Аtyrautoday» ақпарат агенттігінің тілшісі Әлия Жамитова сот залынан таратып жатқан ақпаратқа сай, Сәрсемәлиев әйелінің туысы Мейрамгүл Қарабалинаны қалай өлтіргенін тергеу былай баяндаған:
«Сұлтан Сәрсемәлиев азық-түлік сатып алған соң күндіз үйіне келген. Сол сәтте үйінде әйелі Ақбаян және кәмелет жасына толмаған баласы, сондай-ақ әйелінің әпкесі Мейрамгүл Қарабалина отырған. Екі тараптың арасында үйдегі тұрмыс-тіршіліктің нашарлығы мен азық-түліктің жоқтығына байланысты жанжал туған. Тергеуге сенсек, ұрыс-керіс барысында Сәрсемәлиев пен Қарабалинаның жанжалы ушыға түсіп, күдікті оны пышақпен жарақаттаған. Ол көз жұмғаннан кейін күдікті оның мәйіті мен қылмыс ізін жасырған».
Осы істе күдікті марқұм қайын әпкесінің ұялы телефоны мен жеке заттарын ұрлап алды деген эпизод бар. Бұған дейін хабарлағынымыздай, тергеуге сай, күдікті балдығы Наурыз Мұқанғалиевті де жанжал кезінде пышақтап, оның мәйітін аулаға көміп тастаған.
Айта кетейік, бұл атышулы істі аса қылмыстарды қарайтын судья Зарема Хамидуллина қарайды.