Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Айзаттың өлімі мен Алтынайдың аман қалуы

Torgyn Abushakhman Torgyn Abushakhman
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Айзаттың өлімі мен Алтынайдың аман қалуы

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты екі қылмыстық іс қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның бірі — Жетісу облысында күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзат Жұманованың ісі, екіншісі — ауыр соққыға қарамастан тірі қалған Алтынай Нұрсолтанованың оқиғасы.

32 жастағы Айзат Жұманованы биыл маусым айында күйеуі ұрып өлтірген. Алғашында іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қозғалғанымен, кейін 99-баптың 1-бөлігіне қайта сараланды. Алайда қорғаушылар бұл қылмыста ерекше қатыгездік белгілері барын айтып, 99-баптың 2-бөлігі қолданылуы тиіс деп санайды.

Ал Астанада тұратын Алтынай Нұрсолтанова күйеуінің ауыр соққысынан тірі қалған. Оқиға кезінде оның кәмелетке толмаған балалары үйде болған. Бас және бет сүйектері сынған әйел есінен танып бара жатып, анасына хабарласып үлгерген. Жедел жәрдем мен полиция дер кезінде жетіп, Алтынайды ауруханаға жеткізген.

«Немолчи» қорының мәліметінше, екі жағдайда да күдіктілерге бастапқыда тек 106-бап бойынша айып тағылған. Қор өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлі де «отбасылық жанжал» ретінде бағалануы ауыр салдарға әкеліп отырғанын атап өтті.

Алтынай ісі бойынша сот үкімі 22 желтоқсанда шығуы тиіс.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz