"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістаннан 11 қалаға ұшақ қатынайтын болады

Түркістаннан 11 қалаға ұшақ қатынайтын болады

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді "SCAT" және "Qazaq Air" әуе компаниялары "CRJ2", "B-737", "Q400" әуе кемелерімен орындайды


Түркістан әуежайынан бағасы 16 мың теңгеден басталатын ішкі бағыттар бойынша субсидияланған авиарейстер іске қосылады, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Комитет ақпаратына сәйкес, Қазақстанда ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту мақсатында Түркістан қаласынан Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалаларына субсидияланатын әуе бағыттарына конкурс өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді "SCAT" және "Qazaq Air" әуе компаниялары "CRJ2", "B-737", "Q400" әуе кемелерімен орындайды.

Алғашқы рейстің басталуы 2021 жылдың 15 шілдесіне жоспарланған. Бұл бағыттар бойынша билеттердің құны 16-25 мың теңге.

Айта кетері, 2020 жылдың қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан халықаралық әуежайының ашылу рәсіміне қатысты.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сәйкес, әуежайдың ауданы – 905 гектар, ұшу-қону жолағы – 3 300х45 метр, жолаушылар терминалының ауданы – 10,5 мың шаршы метр, өткізу қабілеті – сағатына 450 жол.


 
Автор
Айбар