Майлы дақылдар экспорты миллиард долларлық межеге жақындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістанда депутатқа қыз зорлады деген айып тағылды

Түркістанда депутатқа қыз зорлады деген айып тағылды
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевқа қатысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Halyqstan басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны Бәйдібек аудандық полиция басқармасына арыз жазған. Оның айтуынша, ол Қытайдан келген төрт әлеуетті инвестормен бірге Түркістан облысының Байжансай ауылына барған. Әйелдің сөзінше, шетелдік делегацияны қарсы алып, кездесуді ұйымдастыруға қатысқандардың қатарында депутат Ерғали Аманбаев та болған.

Арызда көрсетілген мәліметке сәйкес, іссапар аяқталғаннан кейін депутат әйелді өзінің Lexus маркалы автокөлігіне отырғызып, елсіз жерге апарып, оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасағаны айтылған.

Аталған шағым бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ерғали Аманбаев Шымкент қаласының көшелерінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбадан кейін қоғамның сынына ұшыраған болатын.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл іс бойынша ресми қорытынды жариялаған жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.