Түркістан облысының Ленгір қаласында қараусыз тұрған ғимараттардың бірінен 21 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған, деп хабарлайды kznews.kz.
Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тоғызыншы сынып оқушысы ұсталған. Қазіргі уақытта жастар арасында қандай жағдай болғаны және оқиғаның неден туындағаны нақты белгісіз.
Тергеу органдары қайғылы жағдайдың барлық себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.