KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Түркістан облысының әкімі жұмыс барысымен Төреғали Төреәлімен кездесті

• Айжан Сыланова
Фото: gov.kz

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұған дейін продюсер Жанат Мұқановпен және әнші Төреғали Төреәлімен жүздескен болатын. Белгілі болғандай, Төреғали Төреәлі соңғы уақытта Түркістанға қоныс аударған, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған кездесуге байланысты әкімдіктің ресми парақшаларында бірнеше видео жарияланған соң, оның мақсаты мен мазмұнын нақтылау үшін Түркістан облысы әкімдігіне ресми сауал жолданған.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, кездесу барысында өңірдің мәдени дамуына қатысты бастамалар талқыланып, креативті индустрияларды ілгерілету мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілген.

Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта Түркістанның рухани және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды қарастырған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →