Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында жүргізуші бас шыршаны құлатып кетті

Түркістан облысында жүргізуші бас шыршаны құлатып кетті

Түркістан облысында түнгі уақытта автокөлік жүргізушісі орталық алаңда орнатылған жаңа жылдық шыршаны қағып құлатты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға шамамен түнгі сағат 03:00-де болған. Сарыағаш аудандық полиция басқармасына белгісіз көліктің мерекелік шыршаны зақымдап, оқиға орнынан кетіп қалғаны жөнінде хабар түскен.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген. Нәтижесінде ВАЗ-2105 маркалы автокөлікті басқарған жүргізушінің жеке басы анықталды.

Белгілі болғандай, жүргізуші орталық алаңнан өту кезінде шыршаны айналып өтпек болғанымен, рөлге ие бола алмай, мерекелік нысанды соғып кеткен. Оқиғадан кейін ол шыршаны қалпына келтіруге атсалысып, алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылыққа жол бермейтінін мәлімдеген.

Жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Сондай-ақ автокөлік айыптұраққа қойылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.