Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында жеке үйден әйел мен төрт баланың мәйіті табылды

Түркістан облысында жеке үйден әйел мен төрт баланың мәйіті табылды

Жеке үйден бес адамның өлі денелері табылды, оның төртеуі кәмелетке толмаған балалар.

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18:35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне «103» қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», -  деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі газ жабдықтарын пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 ақпанда Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында бес қабатты үйдің пәтеріндегі өртте бір отбасының бес баласы қайтыс болды .

Автор
Нұрсұлтан