Түркістан облысының Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында жаз жақындағанда қар жауып, тұрғындарды таңғалдырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі “Отырар” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктер 26 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын мен қар аралас жаңбырдың болатынын болжаған.
Қазгидромет мамандарының айтуынша, мұнда түнде ауа температурасы +3+8 градусқа дейін күрт төмендейді. Облыстың солтүстік және таулы аймақтарында -2 градусқа дейін аяз болжанды.
Жауын-шашын мен тұман жолдардың көрінуін шектеуі мүмкін. Қатты жел автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруі ықтимал. Түнде төмен температураға байланысты жолдарда көктайғақ болу қаупі де бар.