KZNEWS.KZ
Қоғам

Түркістан облысында тепловоз жүк көлігін соғып өтті (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова

Қаза тапқандар жоқ, бірақ пойыздар кешікті

Түркістан облысында 8 тамыз күні таңғы сағат 04:30 шамасында тепловоз жүк көлігін соғып өтті, деп хабарлайды Kznews.kz

Белгілі болғандай, оқыс оқиға Қызылсай мен Шымкент арасындағы күзетілетін теміржол өткелінде болған. HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жол жүру ережелерін елемей, тепловоздың алдына шығып кеткен.

Соққы салдарынан жүк көлігі қатты зақымданып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандар жоқ.

Апатқа байланысты үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша кешіктірілді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →