KZNEWS.KZ
Аймақ

Түркістан облысында суару машиналарын сатып алуға бөлінген 1,1 млрд теңге субсидияны жымқырған

• Жарқын Омаров
Фото: ortcom.kz

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті субсидияларды жымқыру схемасын ұйымдастырып, техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған

Атап айтқанда, «Агрохолдинг Туркестан» және «JMJ-Агро» ЖШС-лері арқылы 81 жаңбырлатып суару машинасын сатып алуға субсидия алу жөнінде өтінімдер рәсімделген.

Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған.

Алайда 37 жаңбырлатып суару машинасы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген.

Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған.

Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →