Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

2025 жылғы 26 қазанда Түркістан облысында ем қабылдау кезінде ауруханадан қашып кеткен сотталушы ұсталды, деп хабарлайды Kznews.kz

Полиция департаментінің мәліметінше, ол Түркістан қаласында танысының үйінен табылған.

"Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу басталды", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында.

2025 жылғы 23 қазанда Түркістан облысындағы медициналық мекемеде ем алып жатқан айыпталушы ауруханадан өз бетімен кетіп қалған.

Оны ұстау үшін полиция блокпосттар орнатқан.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.