"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында құдалық өткізгендер қамауға алынды

Түркістан облысында құдалық өткізгендер қамауға алынды

Сот шешімімен 28 адамға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 16 адам әкімшілік қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлаған азаматтар 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 "Төтенше жағдай режимін бұзу" бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

"Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды", - деп атап өтті Бақтыораз Елемесов.

Сонымен қатар, ол қоғамдық орындарда мейлінше бетперде пайдалану қажет екенін айтты. Есік тұтқаларын дәке маталармен ораудың қажеті жоқ, ол санитарлық талаптарға сай емес.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдай кезінде той өткізген қызылордалыққа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын.  


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан