KZNews.kz
Қоғам

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып өлтірген ер адамға қатысты тың мәлімет жарияланды (ВИДЕО)

Torgyn Abushakhman

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қоғамда резонанс тудырған Түркістан облысындағы оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Түркістан облысындағы келеңсіз оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Ол кісінің әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды. Оған да қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу уақытында олардың балалары туыстарының қолында тұрып жатыр. Қазір тергеу амалдарын қадағалап отырмыз. Толық тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданады», – дейді ІІМ орынбасары.

Айта кетейік, өткен айда Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз ұрып-соғып, өлімші етіп сабаған ер адамның видеосы тараған болатын.

 
Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары