Түркістан облысында өз әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды kznews.kz.
Қоссейіт ауылының 41 жастағы тұрғыны Алмас Садақбаевқа дәрменсіз күйде болған қарт әкесін "азаптады", сондай-ақ "денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді" деген айып тағылған.
Сот Жетісай аудандық сотында өтіп жатыр, бүгінгі отырыста куәгерлер сөз сөйледі. Куәгерлердің айтуынша, қарияға көрсетілген қорлықтың сұмдық видеолары алдымен жергілікті чаттарда таралған.
Іс бойынша куәгер, ауылдық амбулаторияның дәрігері Гүлжан Чукманова чаттарда тараған видеоны көрген соң Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнарға жүгініп, ер адаммен сөйлесуді сұраған.
Әкім қарияны үйіне барып көрген. Айтуынша, ақсақал ол кезде төсекте жатқан, бірақ күтімі жақсы күйде болған.
Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адамның мешітте жұмыс істейтегені рас па – Өңір имамы жауап берді
Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар да сотта куәлік берді. Ол видеоны айыпталушының әкесі қайтыс болғаннан кейін ғана көргенін айтты. Әкім айыпталушыны әңгімеге шақырып, кездесуге учаскелік полиция қызметкерін де шақырған.
Алайда Садақбаев әкесіне қорлық көрсеткенін жоққа шығарып, қарттың өте ауыр науқас екенін және оған күтім жасаудың қиын болғанын алға тартқан. 2 қыркүйекте әбден титықтаған қария көз жұмды.
Жергілікті дәрігерлер өлімнің табиғи себептерден болғаны жөнінде анықтама беріп, марқұм жерленген. Ал қылмыстық іс қозғалғаннан кейін, тергеу аясында мәйіт эксгумацияланды.