"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар бір ауданда тұрады

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар бір ауданда тұрады

Түркістан облысында бес адамнан коронавирус анықталды. Өңірге індетті Нұр-Сұлтан мен Алматыда іссапарда болған адамдар алып келген

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында коронавирус жұқтырған бес азамат та бір ауданның тұрғыны. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірінші науқас Жетісай ауданының тұрғыны. Әйел 23 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан іссапардан келген. 27 наурызда ыстығы көтеріліп, 30 наурызда ауруханаға жатқызылды. Сынамалар алынды, нәтижесі оң болып шықты", - деді Нышанов.

Науқаспен қарым-қатынаста болған үш адам оқшауланған, сынама алынған. Нәтижесінде олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды.

"Пойызбен барған": Түркістан облысында коронавирус табылған науқас бірнеше қалада болған

Айта кетейік, науқас 21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағандыға барып, 6 сағаттай сол жерде болған. Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға отырып, Шымкентке келген. Әрі қарай Жетісай қаласына көлікпен жолға шыққан.

"Төрт жағдай да бір ошақтан тіркеліп отыр. Бесінші науқас та осы ауданның тұрғыны, ол Алматы қаласында іссапарда болған. Сынама алынып, түнде талдау нәтижесі вирус жұқтырғанын анықтап отыр. Тіркелген ошақтарда жұмыстар жүргізіліп, зарарсыздандырылды", - деді ол.

Байланыста болған адамдар анықталып, қазіргі уақытта 41 адам карантинге алынды. Олардан сынама алынды.

Айта кетейік, Түркістан облысында бес адамнан коронавирус анықталды. Қазақстанда науқастардың саны 369-ға жетті.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан