Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында көпірдің бір бөлігі опырылып түсті: ҚТЖ компаниясына айыппұл салынды

Түркістан облысында көпірдің бір бөлігі опырылып түсті: ҚТЖ компаниясына айыппұл салынды

Түркістан облысында темір жол өткелі қоршауының құлауына байланысты "Қазақстан темір жолы" компаниясына айыппұл салынды. Оқиға жақында Қызылсай-Манкент өткелінде болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі “24kz” телеарнасына сәлтеме жасап хабарлайды.


Теміржол өткелі құрылымының бір бөлігі күтпеген жерден жолға опырылып түсті. Кейінірек төбеден рельстердің қоршауы құлағаны белгілі болды. Абырой болғанда бұл кезде көпірдің астында ешкім болған жоқ.

Қазір құрылымның жиектері кеңейтіліп жатыр. Оқиға теміржол қатынасына әсер еткен жоқ, пойыздарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Нысан ҚТЖ балансында тұр. Олар бәрі қоршауға бекітілген металл баннер салдарынан болды деп мәлімдеді.

Түркістан облысының полициясы әкімшілік іс қозғағанын хабарлады. Компания айыппұл төлеуі керек. Анықталған кемшіліктерді бір апта ішінде жою жөнінде қосымша нұсқама жіберілді. Әйтпесе, іс материалдары сотқа жіберіледі.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда миллиард теңгеге салынған көпірде жарық пайда болғанын жазған едік.

Автор
Нұрсұлтан