Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, үш адам ажал құшты (видео)

Түркістан облысында көлік жылқыны соғып, үш адам ажал құшты (видео)
Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген
Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайтыс болғандар – бір отбасының мүшесі. Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 3 сәуір кешкі сағат 20:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолы бойында болған. Шымкент тұрғыны "Tayota Camry 50" маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқанда жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.
"Жол апаты салдарынан ерлі-зайыптылар мен бір жасөспірім, яғни олардың немересі қайтыс болды. Ал көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Ол қаза болған ерлі-зайыптының күйеу баласы", – деп хабарлады полиция.
Аталған жайтты Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркеуге алды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор
Еркебұлан