KZNews.kz
Қоғам

Түркістан облысында ер адам әйелін балтамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Қайғылы жағдай төрт баласы бар отбасында болған. Таңертең балалар анасының жансыз денесін тауып, көршілерден көмек сұраған. Марқұм 45 жаста болған. Оқиға орнынан қылмыс құралы – балта табылды. Ал ер адамның денесі ауладағы әжетханадан табылды.

Туысқандарының айтуынша, ол өлер алдында аудиожазба қалдырып, қылмысқа әйелінің сатқындығын себеп қылған. Бірақ туыстары мұны жоққа шығарып, марқұмның күйеуі жиі жанжал шығаратынын, жұмыс істемегенін айтады.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта балалардың (үлкені – 13 жаста, кішісі – 4 жаста) барлығы бейімдеу орталығына орналастырылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары