Мемлекет басшысының атынан Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табысталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында бес бала қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты тергеліп жатыр

Түркістан облысында бес бала қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты тергеліп жатыр
видеодан скриншот

Түркістан облысында бес баланың өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты тергеліп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, қаза тапқан балалардың барлығы бір-біріне туыс болып шыққан. Жол-көлік оқиғасы ауыл арасындағы жолда болған. Автокөлік бұрылысқа сыймай, қатты жылдамдықпен ағашқа соғылған.

Қайғылы оқиға 27 маусым күні Еңбекші ауылы маңында болған. Соққының қатты болғаны сонша, көлік екіге бөлініп кеткен. Алған жарақаттарынан бес қыз оқиға орнында көз жұмды. Тек бір жасөспірім аман қалған, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

"Бес адам қаза тауып, бір адам жарақат алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соғылған", – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті телеарна журналистеріне.

Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде мектеп бітіруші түлек болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер