Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркіменстан Президент сайлауының нәтижесі белгілі болды

Түркіменстан Президент сайлауының нәтижесі белгілі болды

Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды деп хабарлайды KZNEWS.KZ жаңалықтар порталы ORDA.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркіменстандағы президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. ОСК сайтындағы мәлімдемеге сәйкес, сайлаушылардың 72,97 пайызы Демократиялық партияның кандидатына дауыс берген.

– Түркіменстан Сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімі негізінде 72,97% дауыс алған Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті деп танылды, – делінген хабарламада.

Түркіменстан заңына сәйкес президент 40 жастан кіші бола алмауы керек. Сердар Бердімұхамедов өткен жылдың қыркүйегінде 40-қа толған.
Автор
Еркебұлан