KZNews.kz
Шоу-бизнес

Түркияны тоқтатпасақ бүкіл Ресей соғыс ортасында қалуы мүмкін - Жириновский

KZNEWS

«Егер Түркияны уақытында тоқтатпасақ, онда әскери операциялар Орталық Азияға, Солтүстік және Оңтүстік Кавказға қарай жылжуы мүмкін, содан кейін бүкіл Ресейді қамтуы мүмкін», - деп «Россия 1» телеарнасының эфирінде Ресей Либералды-Демократиялық партиясының жетекшісі Жириновский сұхбат берді.

«Түріктер Осман империясын құруға тырысады. Мұнымен қоймай, түріктер әрі қарай - Түркіменстан да, Өзбекстан да, тағы басқалары да Ауғанстандағы жағдайды бақылауға алу үшін барады. Сіз ештеңе білмейсіз, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында күн сайын 3-4 тәжік шекарашысы өлтіріледі, күн сайын қанша өлтірілгенін есептеңіз. Тәжікстандағы бандалар басып кіруге дайын. Олар мұны біз үшін ұйымдастырады, Сирия, содан кейін Орталық Азия, міне түркілер келеді», - деді Жириновский.

«Олар ештеңе жасамайды, Осман империясы болмайды, бірақ бұл біз үшін Орал маңындағы соғыс болады - Новосибирск, Екатеринбург, міне Оңтүстік Кавказ Солтүстік Кавказға ауыстырылып жатыр, біз олармен күресеміз - Астрахань, Волгоград, Ростов, 100 жыл бұрынғы сол азаматтық соғыс кезіндегідей. Түріктер ұтылады, парсылар ұтылады, бірақ миллиондар қайтадан құрып кетеді, ал біз қайтадан өз сарбаздарымызды жерлейміз, ескерткіштер орнатамыз. Мәселе мынада», - деп қосты Жириновский.

Керімсал Жұбатқанов

KZNEWS
Автордың басқа материалдары