Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Туризм және спорт министрлігі спортшыларға үндеу жасады

Туризм және спорт министрлігі спортшыларға үндеу жасады
Фото qumash.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев соңғы уақытта кейбір спортшылар арасында қаржыландыру мәселесі жиі көтеріліп жүргенін,  басты құндылықтар – патриотизм, ел намысын қорғау және мемлекет алдындағы жауапкершілік қаржылық мәселелерден жоғары тұруы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Спортшыларымыз үлкен жетістіктерге жетіп, медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Осындай жетістіктерден кейін мемлекет, демеушілер, меценаттар және басқа да ұйымдар олардың табысына шын жүректен қуанып, қосымша қолдау көрсетеді, сыйлықтар мен марапаттар табыстайды. Алайда кейде мұның бәрі өте тез ұмытылып кетеді. Бұл спортты дамытуға және спортшыларды қолдауға қаржы салып жүрген адамдар мен ұйымдардың алаңдаушылығын тудырады", - дейді ол.

Сондықтан вице-министр осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық спортшыларды ең алдымен халықаралық аренада өз елінің намысын қорғауды, Мемлекеттік Туды көтеруді және Қазақстанды лайықты түрде танытуды есте сақтауға шақырды.

Серік Жараспаевтфың айтуынша, өз тарапынан министрлік уәкілетті мемлекеттік орган ретінде спорт федерацияларымен және қарасты ұйымдармен бірлесіп, спортшылардың жарыстарға сапалы дайындалып, жоғары нәтижелер көрсетуі үшін барлық қажетті жағдайды жасап келеді.

"Мен барлық спортшыларды ең алдымен осыған назар аударуға шақырамын. Қазіргі технология дамыған заманда спортшылардың көпшілігінің менеджерлері бар және байланыс орнатудың түрлі мүмкіндіктері жеткілікті. Біз әрдайым диалогқа ашықпыз. Егер қандай да бір сұрақтар немесе мәселелер туындаса, оларды бірге талқылап, шешімін бірге табайық", - деді ол.

Вице-министрдің пкірінше, қаржыландыру және басқа да материалдық игіліктерге қатысты мәселелер бәрібір екінші орында қалуы тиіс. Ал бірінші орында әрқашан ел мүддесі тұруы керек.

"Өйткені мұндай талқылаулар Қазақстаннан тыс жерлерге де тарап кетеді. Оларды басқа мемлекеттерде де көріп, талқылайды. Бұл өз кезегінде түсінбеушілік туғызып, жағдай туралы қате пікір қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан спортшылардың өз рөлі мен жауапкершілігін нақты түсінуі үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізуіміз қажет. Сондықтан барлық спортшыларға тағы да үндеу жасағым келеді: сіздер ең алдымен өз елдеріңіздің намысын қорғайсыздар. Ал қаржыландыру мәселелері қолданыстағы өзара іс-қимыл тетіктері арқылы – менеджерлер, федерациялар, спорт ұйымдары және мемлекеттік органдар арқылы шешілуі тиіс. Ол үшін қажетті құрылымдар мен байланыс арналары бар. Барлық туындаған мәселелерді сындарлы түрде талқылап, бірге шешейік", - деді ол.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі