Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Хайп үшін пайдаланбаңыздар": Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі қазақстандықтарға үндеу жасады

"Хайп үшін пайдаланбаңыздар": Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz / Айсултан Кульшманов

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жараланып, қайтыс болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Зейнет Әділет марқұм әйелімен жақын қарым-қатынаста болғандай оның суреттерін жүктеп, жазба жариялауды тоқтатуды сұрады.

“Марқұм әйелім – хайп үшін пайдаланатын нысан емес. Онымен жақын болғандай жазбаға суреттерін жүктеуді тоқтатыңыздар. Лайк жинау немесе жасанды жанашырлық көрсету үшін оның есімін қолдануға сіздердің моральдық құқықтарыңыз жоқ. Біздің қайғымызды, оның қадір-қасиетін және отбасымызды құрметтеңіздер. Тоқтаңыздар. Оны шынымен танып, шын жүректен жақсы көрген жандар ғана оның бейнесін жүрегінде сақтасын, жасанды жазбаларда емес. Бұл сөзім бөгде адамдарға да, кейбір туыстарға да қатысты. Біреудің қасіретін шоуға айналдырмаңыздар”, – деп жазған ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.