5 айда - 7 пайыз: ішкі инвестиция көлемі өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Түңілгеннен жасадым, жетіскеннен емес”: Сұлтан Сәрсемәлиев сотта көзіне жас алды

“Түңілгеннен жасадым, жетіскеннен емес”: Сұлтан Сәрсемәлиев сотта көзіне жас алды
Фото: коллаж politico.kz

Атырауда төрт бірдей адамның өліміне қатысты өтіп жатқан сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев осындай қылмысқа баруының себебін айтқанда, иегі кемсеңдеп, көзіне жас толды, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотта сұрақтарға жауап бере отырып, айыпталушы қылмыстың басты себебі ретінде бірнеше жылға созылған ішкі арпалысы мен марқұмдардың отбасымен ұзаққа созылған жанжал болғанын мәлімдеді. 

Мұнан бөлек, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы әйелінің туыстары балаларын өздеріне алып қояды деген қорқынышы болғанын да жасырмады.

"Олармен қаншама рет тіл табысқым келді. Бірақ болмады. Ішкі жан айқайымды түсіндіре алмадым. Балаларымды олар алып қойғанша, өзіме қол салайын деп те ойландым. Мен тіріде осылай болып жатыр, мен өлсем, балаларыма қиын болады ғой дедім.  Анам немересінен, баласынан айырылады деп жаным күйді. Екі балам да шешеме бауыр басқан. Анамның тілін алатын. Нағашыларына барғысы келмей, өз әжесінің қасында жүргісі келетін. Түңілгеннен болды, жетіскеннен емес", деген Сұлтан Сәрсемәлиевтің дауысы дірілдеп, иегі кемсеңдеп, көзіне жас алды. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.