Financial Times: Теңге - Еуропа мен Азиядағы ең тегеурінді валюта
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Еріңе сенбе, екі босағада сен": танымал актриса күйеуінен 4 баласымен бөлек кеткенін айтты

"Еріңе сенбе, екі босағада сен": танымал актриса күйеуінен 4 баласымен бөлек кеткенін айтты
Фото: instagram.com/janellemakajan

Танымал актриса Жанель Мақажан күйеуінен бөлек кеткенін айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінен бөлек кеткенін жазды.

"Еріңе сенбе, екі босағада сен" деген қазақтың нақыл сөзінің мәнін енді толық түсінгендеймін. Күйеуімнен бөлек кеткеніме бір айдай болды. Қазір төрт балам жанымда. Бұған дейін екі кішкентайым бір ай әкесінің қасында болды. Өмірде түрлі жағдай болады екен. Қазір балаларыммен бірге басқа жаққа көшіп алдым. Қиындықтарым біртіндеп артта қалып келеді. Алдағы уақытта болған жағдайдың мән-жайын толығырақ бөлісемін. Кішкентай балалармен қайта-қайта көшуден шаршадым. Енді өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға және өзіме сеніп өмір сүремін. Өзіме «үй ал, дамы, бала-шағаңа жағдай жаса» деген мақсат қойдым. Қыздар, кеше 19 жастағы қыздың тағдыры бәрімізге ауыр тиді. Қыз баланың өмірдегі басты мақсаты тек тұрмыс құру емес, өмір сүру, бақытты болу деп ойлаймын. Осы тақырыпта ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұл акрисаның екінші некесі болатын. Ол күйеуінен 8 жас үлкен болған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі