Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тұңғыш Президент күні
Автор: Мухаметжанова Эльвира Асылбековна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-24
Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға, тәрбиешілерге, ұстаздарға
- Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимінді айтайық.
- Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?
- Тұңғыш Президент күні
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
- Нұрсұлтан Назарбаев!
- Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
- Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
- Ал мына суретте онын жұбайы, жары Сара Алпысқызы
- Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағы да не бар?
Балалар елбасы деген сөзді үш тілде айтайықшы: елбасы - президент – President Тәрбиеші:
- Ал, балалар, сендер біздің еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
- Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.
- Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?
- Ал, туымыздың жанында не бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
- Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?
- Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
- Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
- Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг - flag
- Ал енді балалар туған жеріміз жайлы, отанымыз жайлы мақал – мәтел айтайықшы?
Отан туралы мақал – мәтел:
- Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
- Отан отбасынан басталады.
- Отанын сатқан оңбас
- Ел іші – алтын бесік
Қорытынды:
- Балалар біз бүгін кім туралы айттық?
- Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
- Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
- Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
- Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
- Жарайсыңдар, балалар!
МКҚК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып өткізілген іс-шара10 топ
Өткізген: Мухаметжанова Э.А.
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.