KZNews.kz
Жаңалықтар

"Түн ұйқыдан айырған үрей": Атырауда жоғалған отбасы әлі толық табылмады

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Атырау облысында ізім-ғайым жоғалып кеткен бір отбасының тағдыры қалың жұртшылықты алаңдатып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Іздестіру жұмыстары басталғалы біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін төрт адамнан хабар жоқ. Аймақтағы жағдайды бақылап, елге ақпарат таратып жүрген журналист Жанат Молдашова бұл туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялады.

Журналист өз жазбасында көргені мен естігенін ғана бөлісетінін атап өтіп, алдағы уақытта марқұмдардың денесі қалай табылғаны жөнінде мәлімет берілетінін жеткізген.

"Өз көзіммен не көрдім, құлағыммен не істідім соны ғана жазамын! Келесі марқұмдардың денесі қалай табылғандығы туралы болады. Түн ұйқыдан қалдық. Бойымызда үрей. Марқұмдардың ұл-қызы "Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалиева аман табылса еді" деген тілек. Құзырлы органдардан хабар күтіп, елеңдеп отырған ел. Әзірге қандай шара жасалып жатқандығы туралы ресми ақпарат жоқ", – делінген журналистің жазбасында.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары