Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тұман, жел: Қазақстанда 11 сәуірде ауа райы қандай болады

Тұман, жел: Қазақстанда 11 сәуірде ауа райы қандай болады
Фото А. Беков

Қазгидромет 11 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің барлық өңірінде түрлі қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман болжанады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен батысында түнде тұман түседі, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр мен найзағай болады, кей жерлерде нөсер жауын жауады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында түнде жаңбыр, найзағай және кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күндіз де жауын-шашын сақталады. Жел екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының бірқатар аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігіндегі ауа райына келсек, түнде тұман күтіледі, күндіз жел күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, сондай-ақ тұман болады. Кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы өңірлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні кейде 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірдің бірқатар бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жауын болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей аумақтарында тұман күтіледі. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында түнде тұман, күндіз шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, тұман және шаңды дауыл болжанады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай және тұман болжанады. Кей аумақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.