KZNews.kz
Аймақ

Тұман мен жаңбыр: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Азамат Қойшығара
Фото А. Беков

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін 16 облыста дауылды ескерту жарияланған. Негізгі себептер: тұман мен қатты жел. Жетісу облысында түнде ауа температурасы +2 °C-қа дейін төмендейді.

Жалпы мәлімет:

* Астанада күндіз +13…+15 °C, жаңбыр. Түнде +4…+6 °C, кей жерлерде жаңбыр мен қар. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.

* Алматыда күндіз +19…+21 °C, түнде +4…+6 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.

* Шымкентте күндіз +22…+24 °C, күн соңында жаңбыр. Түнде +6…+8 °C, жаңбыр. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары