Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Түкіргенім бар»: Елеусіновті жеңген боксшы пікір білдірді

«Түкіргенім бар»: Елеусіновті жеңген боксшы пікір білдірді

Ирландиялық боксшы бүгін қазақстандық Дәурен Елеусіновті техникалық нокаутпен жеңді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.



Бірінші орта салмақтағы Ирландия боксшысы Каллум Уолш (10-0, 8 KO) Нью-Йорктегі (АҚШ) бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Дәурен Елеусіновті (11-4-1, 10 KO) уақытынан бұрын жеңгеннен кейін пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.



16 наурызда Madison Square Garden аренасында Уолш Елеусіновті техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBC Continental Americas белбеуі сарапқа салынды.

Жекпе-жектен кейін Каллумнан осы жеңістің арқасында WBC рейтингінің ТОП-10-дығына кіретіні туралы пікірін сұрады. «Патша» лақап атымен танымал боксшы қазір 14-орында тұр.

«Түкіргенім бар. Маған жекпе-жекке шығуға көбірек мүмкіндік беріңіздер. Көбірек жекпе-жек, көбірек қарсылас. Мен шаршы алаңға шығып, Ирландия халқына шоу жасаймын. Ол менің қолымнан ылғи да келеді. Сонымен келесі кім?!» - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Каллум Уолш Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істеген танымал промоутер Том Леффлермен жұмыс істейді.
Автор
Нұрсұлтан