«Болмашы электр ақауы» президенттік «Нөмір бірінші борт» ұшағын Давоска ұшқаннан кейін бір сағаттан аз уақыт ішінде кері бұрып, Мэрилендке оралуға мәжбүр етті, деп хабарлайды CBS News.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт ұшақ бортында болған тілшілерге Эндрюс бірлескен базасынан ұшып шыққаннан кейін экипаж «болмашы электр ақауын» анықтағанын және сақтық шарасы ретінде ұшақты кері бұрып, базаға оралуды шешкенін хабарлады.
Air Force One ұшағы базаға шығыс уақытымен сағат 23:07-де қонды.
Тілшілердің айтуынша, ұшып шыққаннан кейін баспасөзге арналған кабинадағы шамдар қысқа уақытқа сөніп қалған, бірақ ешқандай түсініктеме берілген жоқ.
Содан кейін президент әдетте ішкі сапарлар үшін пайдаланатын АҚШ әскери-әуе күштерінің жаңа C-32 ұшағына (модификацияланған Boeing 757) отырды.
Дональд Трамп Давосқа Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін бара жатыр. Ол форумда сәрсенбі күні шығыс уақытымен таңғы сағат 8:30 шамасында сөз сөйлеуі тиіс. Оның сөз сөйлеуі кейінге қалдырылуы да мүмкін.