АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қатысты жаңа қатаң ескерту жасады. Ол егер Тегеран Вашингтонмен келісімге келмесе, салдары ауыр болатынын мәлімдеді. Бұл туралы америкалық лидер француздың BFMTVтелеарнасына берген телефон сұхбатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.
Трамптың айтуынша, ол Тегеранның ымыраға келуге дайын-дайын емесін білмейді. Алайда келісімнен бас тарту Иран билігі үшін үлкен проблемаға айналатынын атап өтті.
"Олар келісімге келе ме, жоқ па - білмеймін. Бірақ келіспесе, оларды өте қиын кезең күтіп тұр, өте қиын кезең. Олар үшін келісімге келген дұрыс", - деді АҚШ президенті.
Ақ үй басшысы келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда нақты қандай шаралар қабылдануы мүмкін екенін айтпады. Оның мәлімдемесі Иран төңірегіндегі шиеленіс әлі де басылмай тұрған және Вашингтон Тегеранның ядролық бағдарламасы мен өңірлік саясаты бойынша жаңа форматтағы келісімге қол жеткізуге тырысып жатқан тұста айтылды.
Бұған дейін CNN телеарнасы Трамптың Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуден Иран мәселесі бойынш ешқандай нәтижеcіз оралғанын хабарлаған.
Осы жағдай аясында басылым дереккөздері Трамп әкімшілігіндегі шенеуніктер бұдан әрі не істеу керек деген мәселеде ортақ пікірге келе алмай отырғанын мәлімдеді. Әсіресе Пентагон барынша қатаң әрі агрессив ұстанымды қолдайды. Ал басқалары дипломатия бағытын сақтауды жөн көреді. Кейінгі апталарда Трамптың өзі де осы нұсқаға бейім болған. Алайда түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ.
Жұмада Fox News телеарнасына берген сұхбатында Трамп Вашингтон қаласа, "екі күн ішінде Иранның бүкіл инфрақұрылымын жойып жіберуге" қауқарлы екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Тегеранмен келіссөздер процесін сынға алып, Иран тарапын "сенімсіз және болжап болмайтын" мінез танытып отыр деп айыптады.