Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Иранмен бітім ұзартылғанын жариялады

Трамп Иранмен бітім ұзартылғанын жариялады
Фото: The White House

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы бітімді оның "басшылары мен өкілдері ортақ ұстанымға келгенше" ұзартты. Бұл туралы Америка көшбасшысы сәрсенбіге қараған түні, 22 сәуірде Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Трамптың айтуынша, Иранға соққы беруді тоқтата тұруды Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерде делдал болып отырған Пәкістан билігі сұраған. Сондай-ақ "Иран үкіметінің іштей қатты жікке бөлінуі" де ескерілген.

"Иран үкіметінің айтарлықтай жікке бөлінгенін ескере отырып (бұл күтілген жайт еді), сондай-ақ фельдмаршал Асим Мунирдің (Пәкістан қарулы күштерінің қолбасшысы – ред. ескертпесі) және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің өтініші бойынша, олардың басшылары мен өкілдері ортақ ұсыныс әзірлегенге дейін Иранға шабуыл жасауды тоқтата тұруымызды сұрады", – деп жазды Ақ үй басшысы.

Сонымен қатар Трамп АҚШ армиясына Ормуз бұғазын "қоршауды жалғастыруды" және "өзге де барлық бағыт бойынша жауынгерлік әзірлікті сақтауды" тапсырғанын атап өтті.

Трамптың жазбасы жарияланар алдында Иранның Tasnim мемлекеттік агенттігі Тегеранның 22 сәуірде Исламабадта өтуі тиіс АҚШ-пен келіссөздердің екінші кезеңінен түпкілікті бас тартқанын хабарлады. Иран тарапының мәлімдеуінше, келіссөздерге қатысу "уақытты босқа шығындау" болар еді, өйткені АҚШ "асыра сілтеген талаптар" қойып, "кез келген орынды мәмілеге қол жеткізуге кедергі келтіріп отыр".

Сонымен қатар Axios порталы израильдік дереккөзге сілтеме жасай отырып, АҚШ сәрсенбі күні Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеиден жағдайды реттеу шарттары бойынша соңғы ұсынысқа жауап алуды күтіп отырғанын хабарлады.

"Сәрсенбіде Хаменеи (қақтығысты реттеу бойынша соңғы ұсынысқа) жауап береді деп күтіледі", – деп жазды портал.

Басылымның мәліметінше, ирандық келіссөзшілер қазіргі уақытта тоқтап тұрған АҚШ-пен келіссөздердің екінші кезеңін бастау үшін жоғарғы көшбасшыдан хабар күтіп отырғанын айтқан.

Кейінгі күндері Трамп БАҚ-қа сәрсенбі күні кешке аяқталатын бітімді ұзартуға келісе қоюы екіталай екенін айтқан болатын. АҚШ президенті ирандықтарды кезекті "тозақ" пен "өркениеттің жойылуына" тап болмай тұрып, қойылған шарттарды тезірек қабылдауға шақырған еді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі